"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қыркүйектегі N 872 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
1. "Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қаңтардағы N 71 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 2, 31-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану ережесі:
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Ақылы автомобиль жолдары мынадай шарттарға жауап беруі тиіс: көлік қозғалысының жоғары, қауіпсіз жылдамдығын қамтамасыз ете отырып жоғары сапалы жүріп өту және оларға бүкіл жол бойы жоғары сервистік қызмет көрсету.
2-2. Автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешім Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда және тәртіппен қабылданады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін жүріп өткені үшін төлем Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көзделген тәртіппен белгіленген ставкалар бойынша алынады.";
мынадай мазмұндағы 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
"10. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жеңілдіктер көзделген автокөлік құралдары ақылы, соның ішінде концессияға берілген автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылады.
11. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылады немесе тоқтата тұрылады.".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсі мов
Полная версия