Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1998 жылғы 5 қыркүйектегi N 845 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 1 шілде N 711.
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1998 жылғы 5 қыркүйектегi N 845  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 31, 269-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
1) 1-тармақтың бесiншi абзацының мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi мынадай редакцияда жазылсын: "Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерi мен сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбi және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлем ставкалары"; 
2) көрсетілген қаулымен бекiтiлген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сервис объектiлерi мен жарнамаларды орналастырудың және ақы төлеудiң тәртiбiнде: 
"жарнамаларды орналастырудың және ақы төлеудiң тәртiбi" деген сөздер "сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру тәртiбi және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем ставкалары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
3, 4 және 5-тармақтарда "жарнамаларды" деген сөздер "сыртқы (көрнекi) жарнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын, 1-тармаққа өзгерiс мемлекеттiк тілдегi мәтiнде келесi абзацтарда қамтылған; 
бұл абзацтағы өзгерiс мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде келесi абзацта қамтылған; 
"жарнамаларды (транспаранттар, афишалар, плакаттар, сервис объектiлерiнiң көрсеткiштерi және тағы басқалар) орналастыру шарттарын, келiсу және ақы төлеу тәртiбiн" деген сөздер "плакаттар, стендтер, жарық тақталар, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрiндегi сыртқы (көрнекi) жарнама мен жарнаманы тұрақты орналастырудың басқа да объектiлерін орналастыру шарттарын, орналастыруды келiсу тәртiбiн, сондай-ақ республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлем ставкаларын" деген сөздермен ауыстырылсын; 
2-тармақта "шарт пен" және "сондай-ақ шарт пен" деген сөздер алынып тасталсын; 
4-тармақта "арттыру ескерiле отырып" деген сөздер "төмендетуге жол берiлмейтiн ретте" деген сөздермен ауыстырылсын; 
5-тармақтың бiрiншi абзацында, 6-тармақта "Автомобиль жолдарының", "автомобиль жолдары", "автомобиль жолына" деген сөздердiң алдынан "жалпы пайдаланымдағы" деген сөздермен толықтырылсын және "Автомобиль" деген сөз кiшi әрiппен, ал оның алдынан келетiн "жалпы" деген сөз бас әрiппен жазылсын; 
екiншi абзацта "жолдың көлiк-пайдалану сапасын арттыру және дамыту жоспарына" деген сөздер "автомобиль жолдарын дамыту бағдарламаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
     
үшiншi абзац алынып тасталсын;
     
8, 9, 10, 11 және 13-тармақтар алынып тасталсын;
     
12-тармақтың бiрiншi абзацында "жарнамалық ақпаратты" деген сөздер "республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлiгiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң иелерiнен алынатын төлем республикалық бюджетке енгiзiлуi тиiс.".
     
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi