Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 21 тамыз N 1092
Тақырыптағы және мәтiндегі "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету" сөздер "Тауарлар мен көлiк құралдарын уақытша әкелу" сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 11.06.2003. № 569 қаулысымен. (14.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы 29.07.2023 жылдан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 14.07.2023 жылғы № 588 Қаулысына сәйкес
"Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шiлдедегi Заңын және Қазақстан Республикасы Кеден кодексiнiң 191-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.06.2003. № 569 қаулысымен. (14.08.2002 жылғы редакцияны қараңыз)