Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 362 Қаулысы
"Мемлекеттік кәсіпорын туралы " Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні телекоммуникация саласындағы қызмет, оның ішінде мыналар бойынша:
1) радиожиілік спектрі және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін, радиоэлектрондық құралдар мен радиожиіліктер тағайындаудың тізілімін (деректер базасын) сүйемелдеу, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аймақтарында) радиожиіліктерді халықаралық үйлестіруді жүргізген кезде радиоэлектрондық құралдардың электрмагниттік үйлесімділігін есептеуді жүргізу жөнінде қызметтер көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарының және жоғары жиілік құрылғыларының электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымында біріктірілген ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді техникалық сүйемелдеуге қатысу болып белгіленсін. 
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.06.2009 № 986 Қаулысымен (17.04.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Полная версия
ИС BestProfi