Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 15.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 Қаулысы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2005 жылғы 30 маусымдағы
 N 662 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, iшкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, біржолғы жәрдемақылар тағайындау мен оны төлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 26 тамыздағы N 803 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 29, 255-құжат):
1) тақырыбындағы, 1-тармақтағы "Мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, ішкі істер, қаржы полициясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет, Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызметкерлеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеудің, біржолғы жәрдемақыларын тағайындау мен оны төлеудің ережесінде және көрсетілген Ережеге 1-қосымшада: 
тақырыбындағы және мәтініндегі "Мемлекеттік" деген сөздер алынып тасталсын;
мәтініндегі "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі aгенттігі төрағасының", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің", "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі", "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі N 1053 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 38, 327-құжат):
1) 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесінде: 
мәтіндегі "МӨҚ", "МӨҚ-ке", "МӨҚ-та" деген аббревиатуралар тиісінше "өртке қарсы қызмет органдары", "өртке қарсы қызмет органдарына" және "өртке қарсы қызмет органдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
Полная версия
ИС BestProfi