1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 27.06.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 Қаулысы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1427 қаулысымен бекітілген
Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шартта осы Қағидаларда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) ішкі көшіп-қонушы – тұрақты немесе уақытша тұру мақсатында қоныс аударушы немесе Қазақстан Республикасының ішінде өз бетінше қоныс аударушы адам;
2) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) азаматтарды тіркеу кітабы – азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуін немесе тіркеуден шығарылуын растайтын құжат. Азаматтарды тіркеу кітабын ресімдеу және беру тәртібін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі белгілейді;
4) жақын туыстары – ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілер мен апа-сіңлілері, қарындастары, атасы, әжесі, немерелері.
Полная версия