Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 23.10.2009 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 Қаулысы
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгілеген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N 276 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.";
көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулысымен(3-тармағының күшін жойды ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45.(2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
4. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 111-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "департаментіне (басқармасына)", "департаменті (басқармасы)" және "департаменттері (басқармалары)" деген сөздер тиісінше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылсын.
Полная версия