Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 31.05.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 84 Қаулысы
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1) Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 
2) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
1) "Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, экспонатқа қою жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы N 635 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 24, 307-құжат) 1-тармағы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат) 17-тармағы.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 1 ақпандағы
 N 84 қаулысымен
 бекітілген
Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Осы Қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Лицензиялардың түрлері мен қолданылуы қызмет көлемі бойынша ерекшеленеді: 
1) бас лицензия - қолдану мерзімі шектелмей берілетін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға; 
2) бір жолғы - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе сан (заттай не ақшалай мәнде) шегінде белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға. 
Бір жолғы лицензия мемлекеттік тапсырысты және/немесе мемлекеттік органмен және/немесе ұйыммен шартты (келісім-шартты) орындау мерзіміне, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Полная версия
ИС BestProfi