Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.03.2010
Мемлекеттiк статистика туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 98 Заңы
Осы Заң күшін жойды 16.04.2010 жылдан бастап ҚР 19.03.2010 жылғы № 257-IV Заңына сәйкес
Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "статистикалық жұмыстардың жоспары", "статистикалық жұмыстар жоспарын", "статистикалық жұмыстар жоспарында", "статистикалық жұмыстар жоспарына", "статистикалық жұмыстар жоспарларына" сөздердегi "статистикалық" сөз бас әрiппен жазылды, "орталық атқарушы", "өзге де орталық атқарушы" сөздер "мемлекеттiк" сөзбен, "заңды және жеке" сөздер "жеке және заңды" сөздермен ауыстырылды ҚР 15.01.2002 № 280 Заңымен
Заңның бүкiл мәтiнi бойынша "Статистикалық жұмыстардың жоспары", "Статистикалық жұмыстар жоспарын", "Статистикалық жұмыстар жоспарында", "Статистикалық жұмыстар жоспарына" сөздердегi "Статистикалық" сөз кіші әрiппен жазылды ҚР 12.09.2005 № 14 Заңымен (30.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң статистика қызметi саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, уәкiлеттi органның және статистика қызметiн жүргiзушi мемлекеттік органдардың өкiлеттiгi мен мiндеттерiн айқындайды.
Осы Заңның күшi жеке тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын заңды тұлғалардың-резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне (бұдан әрi - заңды тұлғалар) қолданылады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтiк, демографиялық және экологиялық (бұдан әрi - әлеуметтiк-экономикалық) салаларында болып жатқан құбылыстар мен процестер туралы статистикалық деректер жинаудың, өңдеудiң және таратудың негiзгi принциптерiн айқындайды.
1-бап жаңа редакцияда ҚР 15.01.2002 № 280 Заңымен. (30.01.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
ведомстволық статистикалық байқаулар - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары жүргiзетiн байқаулар;
мемлекеттiк статистика - мемлекеттiк статистика органдары қалыптастыратын бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесi;
мемлекеттiк статистикалық есептiлiк - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл орайда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi хабарланатын мәлiметтердiң берiлуi мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептердi мемлекеттiк статистика органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұсынады;
статистикалық байқау - әлеуметтiк-экономикалық өмiрдiң құбылыстары мен процестерi туралы деректердi алдын ала әзiрленген бағдарлама бойынша тiркеу арқылы жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырып жинау. Мемлекеттiк статистикалық байқаулар жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулардан тұрады;
ұлттық санақ - белгiлi бiр уақыт кезеңiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша зерттелуге жататын барлық жеке және заңды тұлғаларды жалпымемлекеттiк статистикалық байқау. Уәкiлеттi орган статистикалық жұмыстар жоспарынан тыс жүргiзедi;
жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар - уәкiлеттi орган жүргiзетiн байқаулар; 
бастапқы статистикалық ақпарат - статистикалық байқау жүргiзiлген кезде мемлекеттiк статистика органдарына статистикалық мақсаттарда пайдалану үшiн табыс етiлген нақты жеке тұлға, заңды тұлға және оның құрылымдық бөлiмшесi туралы деректер;
статистикалық жұмыстар жоспары - мемлекеттiк статистикалық байқаулар мен статистикалық байқауларға байланысты басқа да статистикалық жұмыстарды жүргiзудiң жылдық жоспары бар құжат;
статистикалық байқау бағдарламасы - байқау жүргiзудiң мақсаты мен мiндеттерi, деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткiштердiң (сұрақтардың) тiзбесi, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу мөрқағазы және басқа (бұдан әрi - статистикалық нысандар) түрiнде ұсынылған, оларды есептеп шығарудың әдiстемесi және статистикалық байқау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтар;  
тарату - құпия болып табылмайтын статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың, осы ақпаратты пайдалану нысандары мен құралдарына қарамастан, оған қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;
арнайы ұйымдастырылған статистикалық байқаулар - жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау есептер негiзiнде емес, басқа тәсiлдермен жүзеге асырылады. Бастапқы статистикалық ақпаратты жинау тәсiлi бойынша сауалдамалық, декларациялық, корреспонденттiк және инспекциялық байқаулар, есепке алу және санақ жүргiзу болып бөлiнедi;
Полная версия
ИС BestProfi