Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 535 Қаулысы       Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
1) «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 244-құжат):
5) тармақшадағы «арттыру.» деген сөз «арттыру;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) сауда саласында зерттеулер жүргізу.»;
2) «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 61 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 2, 26-құжат):
2) тармақшадағы «(құпия).» деген сөз «(құпия);» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару.»;
3) «Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат):
13) тармақшадағы «мониторингілеуді жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.» деген сөздер «монинторингілеуді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулер жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Полная версия
ИС BestProfi