Близость слов: Окончание:





Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы және «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 506 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 30 желтоқсанда № 7367 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 17.03.2016 жылғы № 201 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Редакция 23.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Ұлттық бірыңғай тестілеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2016 жылғы № 669 Бұйрығына сәйкес (17.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 17.03.2016 жылғы № 201 Бұйрығына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережесінде:
3. «Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 184 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6984 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 180 (26601), 2011 жылғы 9 маусымдағы № 181-182 (26602-26603) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә.Ырсалиев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Ә.Ырсалиевке жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2011 жылғы 5 желтоқсандағы
 № 506 бұйрығымен бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 23.04.2015 жылғы № 229 Бұйрығымен (05.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.05.2015 жылы № 83 (28561) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 17.03.2016 жылғы № 201 Бұйрығымен (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 23.11.2016 жылғы № 669 Бұйрығына сәйкес (17.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi