Близость слов: Окончание:





"Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізүдің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 маусымдағы N 360 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5242 болып енгізілді.
#$Қолданушылардың назарына!Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5191 болып тіркелген, 2008 ж. 30 мамырдағы N 81 (1307) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне  1-қосымша, осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаменті (С. М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
                 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің                        білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын                             білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың                           үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық                           және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне 
ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
 
N
р/с
Пән 2 (қанағат-
танарлық-
сыз)
3 (қанағат-
танарлық)
4 (жақсы) 5 (үздік)
1. Қазақ тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
2. Орыс тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
3. Қазақстан тарихы 0-2 3-13 14-20 21-25
4. Математика 0-2 3-11 12-19 20-25
5. Физика 0-2 3-11 12-19 20-25
6. Химия 0-2 3-11 12-19 20-25
7. Биология 0-2 3-13 14-20 21-25
8. География 0-2 3-13 14-20 21-25
9. Дүниежүзі тарихы 0-2 3-13 14-20 21-25
10. Қазақ әдебиеті 0-2 3-13 14-20 21-25
11. Орыс әдебиеті 0-2 3-13 14-20 21-25
12. Ағылшын тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
13. Неміс тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
14. Француз тілі 0-2 3-13 14-20 21-25
15. Қазақ тілі орыс
мектептеріне
арналған
0-2 3-11 12-17 18-25
16. Орыс тілі қазақ
мектептеріне
арналған
0-2 3-11 12-17 18-25
Полная версия
ИС BestProfi