Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2015
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 121 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 мамырда № 7657 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.09.2014 жылғы № 178 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 334 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3327 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есеп беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясына ие (ипотекалық ұйымдарды, қызметтің ерекше түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - банктік емес ұйымдар) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептілікті беру тізбесін, нысандарын, мерзімін және тәртібін белгілейді.»;
«1. Банктік емес ұйымдардың есептілігіне мыналар жатады:
1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес берілген заемдары (бұдан әрі - заемдар) туралы есеп;
2) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес салымдар және ағымдағы, корреспонденттік шоттар туралы есеп;;
3) Ереженің 3-қосымшасына сәйкес бағалы қағаздар туралы есеп;
4) Ереженің 4-қосымшасына сәйкес «кері РЕПО» және «РЕПО» операциясы» операцияларының құрылымы туралы есеп;
5) Ереженің 5-қосымшасына сәйкес екінші деңгейдегі банктердегі салымдардың құрылымы туралы есеп;
6) Ереженің 6-қосымшасына сәйкес заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар құрылымы туралы есеп;
7) Ереженің 7-қосымшасына сәйкес тартылған ақшаның негізгі көзі туралы есеп;
8) Ереженің 8-қосымшасына сәйкес ипотекалық заемдарға қызмет көрсету туралы есеп;
9) Ереженің 9-қосымшасына сәйкес заемдар бойынша мерзімі өткен борыш туралы есеп;
10) Ереженің 10-қосымшасына сәйкес ипотекалық ұйыммен ерекше қатынасы бар тұлғалармен жасалған мәмілелер туралы есеп;
11) Ереженің 11-қосымшасына сәйкес ипотекалық ұйыммен ерекше қатынасы бар тұлғалар тізілімі.
2. Банктік емес ұйымдар (сауда-саттық ұйымдастырушыларын, Ұлттық почта операторын және уәкілетті органның банктік заем операцияларын жүргізуге лицензиясы бар банктік емес ұйымдарды қоспағанда) уәкілетті органға есептілікті есепті тоқсаннан кейінгі айдың он сегізінші күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-ден кешіктірмей тоқсан сайын береді.
Полная версия
ИС BestProfi