Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 174 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 30 желтоқсанда N 6717 тіркелді
Редакция 26.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 наурыздан бастап енгізілетін Агенттік Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулыққа 11-қосымшасының "Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болуы мүмкін жоғалтуларды жабуға кететін резерв (провизиялар) мөлшері" кестесіне түсініктемелердің (бұдан әрі – Түсініктемелер) алтыншы, сегізінші, тоғызыншы бөліктерін қоспағанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түсініктемелердің бесінші және жетінші бөліктерінің қолданылуы 2011 жылғы 1 наурызға дейін таралады.
3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасына мәлімет үшін жеткізсін.
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
5. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 174 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 5 тамыздағы № 185 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 146 Қаулысымен (29.11.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.10.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысымен (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
7. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6030 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақта "2011 жылғы 1 шілдеге" деген цифрлар мен сөздер "2012 жылғы 1 қаңтарға" деген цифрлар және сөздермен ауыстырылсын.
8. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6041 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың сексен екінші, сексен үшінші және сексен төртінші абзацтары алып тасталсын;
2-тармақтың сексен алтыншы, сексен жетінші және сексен сегізінші абзацтары алып тасталсын;
3-тармақтың елу бесінші, елу алтыншы және елу жетінші абзацтары алып тасталсын.
4-тармақтың үшінші абзацында:
", сексен екіншіден сексен төртіншіге дейінгі" деген сөздер алып тасталсын;
", сексен алтыншыдан сексен сегізіншіге дейінгі" деген сөздер алып тасталсын;
", елу бесіншіден елу жетіншіге дейінгі" деген сөздер алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесіне қосымша
"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулыққа 11-қосымша
Бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған жоғалтуларды жабуға арналған резервтердің (провизиялардың) мөлшері немесе бағалы қағаздардың құнын төмендетудің мөлшері
Балл сомасы | Бағалы қағаздардың жіктелім санаты | Резервтердің (провизиялардың) қажетті мөлшері |
1 | Стандартты | 0% |
2-4 | 1- санатты күмәнді | 10% |
5-7 | 2- санатты күмәнді | 15% |
8-10 | 3- санатты күмәнді | 25% (35%) |
10-12 | Қанағаттанарлық емес | 50% (70%) |
12 артық | Үмітсіз | 90% |
Кестені толтыру бойынша түсініктемелер:
Осы критерийлерді бағалы қағаздарды құнсыздандыру немесе бағалы қағаздардың құнын төмендету үшін пайдаланғанда, рейтингтік бағасы және листинг санаты болған кезде есепке рейтингтік бағасы алынады.
1-ге дейінгі (1 қоса алғанда) балл сомасы алынған кезде – бағалы қағаз стандартты болып жіктеледі.
Балл сомасы 2-ден 4-ке дейінгі (4 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 1 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 10 (он) пайыз провизия қалыптастырылады.
Балл сомасы 5-тен 7-ге дейін (7 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 2 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 15 (он бес) пайыз провизия қалыптастырылады.
Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (10 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3 санаттағы күмәнді болып жіктеледі, 25 (жиырма бес) пайыз провизия қалыптастырылады;
Балл сомасы 8-ден 10-ға дейінгі (10 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз 3-санаттағы күмәнді болып жіктеледі, облигациялар бойынша 25 (жиырма бес) пайыз провизиялар;
акциялар бойынша 35 (отыз бес) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (12 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі, 50 (елу) пайыз провизия қалыптастырылады.
Балл сомасы 10-нан 12-ге дейінгі (12 қоса алғанда) мәніне тең болған кезде – бағалы қағаз қанағаттанарлықсыз болып жіктеледі, облигациялар бойынша 50 (елу) пайыз провизиялар;
акциялар бойынша 70 (жетпіс) пайыз провизиялар қалыптастырылады.
Сомасы 12-ден артық болған жағдайда бағалы қағаз үмітсіз деп жіктеледі, 90(тоқсан) пайыз провизия қалыптастырылады. Эмитенттің борыштық бағалы қағазы үмітсіз деп жіктелсе, онда осы эмитенттің акциясы бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.
Эмитент банкрот болған жағдайда осы бағалы қағаз бір мезгілде нөлге дейін есептен шығарылады.".
Полная версия