Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 29.11.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 266 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6041 болып енгізілді
#$Қолданушылардың назарына
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Жина қтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
аталған қаулымен бекітілген Жина қтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулықта: 
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
«5. Қордың меншікті активтерінің есебінен мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 189 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5794 тіркелген) қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру ережесінің (бұдан әрі – № 189 ереже) 3-тарауында белгіленген тәртіппен жасалады.»;
мынадай мазмұндағы он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтармен толықтырылсын: 
«Жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың К 2  номиналды кіріс коэффициентін өтеу жөніндегі шартты міндеттемесі бойынша резервтерді (провизияларды) қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады. 
2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жылдық жалпы кіріс салық салғанға дейінгі таза жылдық кіріс пен Қордың консервативті портфель бойынша К2.1 номиналды кіріс және (немесе) қалыпты портфель бойынша К2.2 коэффициенттерін ықтимал өтеуі бойынша резервтерді қалыптастыруға көрсетілген резервтерді қалпына келтіруден түскен кірістерді шегергендегі қаржы бөлудің жылдық мөлшерінің сомасы ретінде анықталады.»; 
жиырма үшінші абзацта «2) тармақшасында» деген сөз және цифр «тоғызыншы абзацта» деген сөздермен ауыстырылсын; 
қырық төртінші абзацта «1) тармақшасында» деген сөз және цифр «он жетінші абзацта» деген сөздермен ауыстырылсын; 
мынадай мазмұндағы қырық бесінші, қырық алтыншы және қырық жетінші абзацтармен толықтырылсын: 
М – баланс бойынша міндеттеме, сондай-ақ Қордың меншікті қаржысы бойынша міндеттемелерінде көрсетілмеген, қалыптастырылған резервтің сомасы;
МЗА – тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген, Қордың консервативті, қалыпты және агрессивті инвестициялық портфельдерi бойынша жиынтығында есептелетiн, Қордың инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының құны.»;
15-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
«19) шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген, зейнетақы активтері бойынша комиссиялық сыйақы бойынша және зейнетақы активтерін инвестициялаудан есептелген инвестициялық кірісі бойынша дебиторлық берешек.»; 
16-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын; 
Полная версия
ИС BestProfi