Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2022
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 374 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8271 тіркелді
Осы Қаулы 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 99 Қаулысына сәйкес
Редакция 26.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 2-тармағының он үшінші абзацы, 3-тармағының тоғызыншы және отызыншы абзацтары, 4-тармағының төртінші абзацы, 5-тармағының үшінші және алпыс төртінші абзацтары, 6-тармағының үшінші абзацы, 7-тармағының төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 6-тармағындағы Қағидалардың 2-қосымшасы 2-тармағының он үшінші абзацы, 3-тармағының тоғызыншы және отызыншы абзацтары, 4-тармағының жиырма алтыншы абзацы, 5-тармағының жиырма бесінші абзацы, реттік нөмірі 5-1-жолының төртінші абзацы, 3-қосымшасы кестесінің 1-тармағының реттік нөмірі 5-1-жолының төртінші абзацы, 4-қосымшасының реттік нөмірі 5-1-жолының төртінші абзацы, 7-тармағының жиырма екінші және жетпіс тоғызыншы абзацтары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 374 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 жылғы № 304 Қаулысымен (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.02.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 2 қазандағы № 148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5365 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесінде:
«19. Қор өз активтерінің бөлігін мынадай қаржы құралдарына:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға;
2) мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:
банктердің Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Рооr's ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ»-ден төмен емес рейтингілік бағасы бар;
банктер Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-» санатынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар резидент емес бас банктердің еншілес резидент - банкі болып табылады;
банктердің Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған, Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВ»-ден төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының облигацияларына;
4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған ақша);
5) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға орналастыруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарына Қордың активтерін жиынтық орналастыруы Қор активтерінің сексен пайызынан кем емес болады.
Қор активтерін инвестициялау мөлшері инвестициялық портфельді басқарушы мен Қор арасында жасалатын инвестициялық стратегияда белгіленеді.
Инвестициялық портфельді басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде инвестициялық портфельді басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот және орналастырылған салымдарды (депозиттерді) және Қор активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.
Қордың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға берген кезде Қор айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша бір айда бір реттен кем емес, өзінің есепке алу жүйесі деректерінің инвестициялық портфельді басқарушының және Қор активтерінің есебі мен сақталуын жүзеге асыратын кастодианның деректеріне сәйкес келуіне үш жақты салыстырып тексеру жүргізеді.
Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша мынадай ақпарат:
ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін көрсетіп, бағалы қағаздардың саны (данамен) туралы;
банктердің атауын, салымдар сомасын, банк салымдары шарттарының жасалу күндері мен нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;
теңгемен және шетел валютасында инвестициялық шоттардағы ақша қозғалысы туралы;
қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;
қаржы құралдарының ағымдағы құны туралы;
әр қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы туралы;
көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;
инвестициялық шоттардағы ақша қалдықтары туралы ақпаратты;
инвестициялық қызметке қатысты өзге мәліметтерді қамтитын салыстырып тексеру актісі жасалады.
Салыстырып тексеру актісіне Қордың, инвестициялық портфельді басқарушының және кастодианның бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қолы қояды және ол осы ұйымдардың мөр таңбасымен расталады.
20. Қордың қаржы құралдарына инвестициялардың мөлшері мынадай мәндерден:
1) екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға, ақшаға және облигацияларға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
2) Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ға дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's-тың ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар екінші деңгейдегі бір банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент банкті қоспағанда) және оның үлестес тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің бес пайызынан астам, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және осы заңды тұлғаның үлестес тұлғаларының облигацияларына жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан астам;
4) Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе бір мемлекеттің басқа рейтингілік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға («кері репо» операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан астам;
5) Қор активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» мәмілелері - Қор активтерінің он пайызынан астам аспайды.
Қор активтерін облигацияларға жиынтық орналастыруы бір эмиссияның жалпы облигациялары көлемінің жиырма бес пайызынан аспайды.».
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 146 Қаулысымен (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.10.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi