«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 ақпанда № 7407 тіркелді
Редакция 22.10.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың және бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 221 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесі
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (16.07.2014 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 жылғы № 146 Қаулысымен (26.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.10.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Полная версия