Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6554 болып енгізілді
Осы редакция 24.02.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актілеріне қаржы ұйымдары ұсынатын есеп беру нысанын жетілдіру бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.
2. Мына қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Агенттік Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктердiң баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөнiндегi күн сайынғы және ай сайынғы есептi беру мерзiмдерi туралы» 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 388 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3413 тiркелген);
2) Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiндегi банк шоттарындағы қалдықтары туралы есептi екiншi деңгейдегi банктердiң ұсыну нысаны мен мерзiмiн бекiту туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 162 қаулысы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3722 тiркелген);
3) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 310 қаулысының 16, 18-тармақтары  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3868 тiркелген);
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
4. Стратегия және талдау департаментi (Н.Ә. Әбдірахманов):
1) Заң департаменті (Н.В. Сәрсенова) бірігіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлiмет үшiн жiберсiн.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) енгізілген өзгерістерді ескере отырып:
1) 2010 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде қолданыстағы есеп беру нысаны бойынша «Сақтандыруды қадағалау» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
2) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде «ЕДБ алынған есепті-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
3) 2010 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде «Жинақтаушы зейнетақы қорлардың және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін;
4) 2010 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде «Банктік емес ұйымдары» модульін пысықтауды қамтамасыз етсін.
6. Агенттiк Төрайымының қызметi (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қабылдасын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттiк Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсiн.
Полная версия
ИС BestProfi