Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 64 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7511 тіркелді
Редакция 19.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-қосымшасының 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық
 Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 24 ақпандағы
 № 64 қаулысына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық банкі басқармасының 17.07.2015 жылғы № 130 Қаулысымен (24.02.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.10.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - тіркеушілер) сақтауы міндетті «меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің» пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін белгілейді.
Тіркеушінің аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі осы Ережемен көзделген нормалар заңды тұлғаларға және аффилиирленген тұлғалары «Самұрық-Казына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының аталған ұйымдардың дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей (банктер бойынша - жанама) иелену нәтижесінде тіркеушімен аффилиирленген болып табылатындарға қолданылмайды.
Ереже бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай тіркеушіге қолданылмайды.»;
«2. Standard & Poor's агенттігінің рейтинг бағасынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ретінде сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтинг ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалары танылады.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 жылғы № 256 Қаулысымен (17.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.04.2016 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2012 жылғы 24 ақпандағы
 № 64 қаулысына
 2-қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5578 тіркелген) 2-тармағы.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 тіркелген) 2-тармағы.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 265 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6039 тіркелген) 2-тармағы.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) қосымшаның 19-тармағы.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439 тіркелген) қосымшаның 4-тармағы. 
Полная версия
ИС BestProfi