Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 181 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5793 болып енгізілді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және   49-бабының 3-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі – Нұсқаулық).
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін Нұсқаулықтың 15-тармағының 11) және 12) тармақшаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Егер осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен соң зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның зейнетақы активтерінің және меншікті активтерінің есебінен қалыптасқан инвестициялық портфельдерінің құрылымы Нұсқаулықтың 42 және 44-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін жоғарыда көрсетілген инвестициялық портфельдердің құрылымын Нұсқаулықтың 42 және 44-тармақтарының талаптарына сәйкестендіреді.
#$01.2013 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Нұсқаулықтың 15-тармағының 3) тармақшасының төртінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Нұсқаулықтың 6-1-тарауы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (24.08.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2010 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп берулерін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені пысықтауды қамтамасыз етсін.
7. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Қаржы
 нарығын және қаржы ұйымдарын
 реттеу мен қадағалау агенттігі
 Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы
 N 181 қаулысымен бекітілді
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық
«Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы Заң) 3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына және 49-бабының 3-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және пруденциалдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйым) тиісінше есептіліктің нысандарын және оны ұсыну мерзімдерін белгілейді.
Осы Нұсқаулықта көзделген Ұйымның үлестес тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей иелену (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде Ұйыммен үлестес болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (24.08.2012 жылғы редакцияны қараңыз)(.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi