«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 235 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8009 тіркелді
Редакция 13.03.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін (бұдан әрі - Тізбе).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 6-тармағы 2012 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 235 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 жылғы № 115 Қаулысымен (22.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.07.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 36 Қаулысына сәйкес (29.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылы № 180 (2381) „Заң„ газетінде жарияланды
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4873 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоса беріліп отырған Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заң), «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі – Лицензиялау туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және лицензиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) құзыретіне кіретін банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялаудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.»;
«4. Өтініш иесі лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) Ереженің 1-қосымшасына сәйкес лицензия беру туралы өтінішті;
2) жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды бюджетке төлегенін растайтын құжатты;
4) барлық жоспарланып отырған операциялар бойынша лицензияны алу мақсаттарын, өтініш беруші бағдарға алған нарық сегментін, қызмет көрсету түрлерін, маркетинг жоспарын (клиентураны қалыптастыру), ұйым қызметін қаржыландырудың көздерін, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстардың болжамын ашатын және өтініш беруші қызметінің жоспарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшесінің бар екендігін көрсететін бизнес-жоспарды;
5) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымның банк операцияларын жүргізуінің жалпы талаптары жөніндегі ережені;
6) Ереженің 2-қосымшасына сәйкес банктік емес ұйымның атқарушы органының бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы электрондық және қағаз тасымалдағыштардағы мәліметтерді;
7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша Ереженің 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын филиалдардың (осындайлар болған жағдайда) тізімін және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
9) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттарды - төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалардан басқа) ұсынады.
Банктік емес ұйымның әрбір түрі бойынша жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді және ол осы сома шегінде тек қана ақшамен төленуі тиіс (банкаралық ақша аудару жүйесінің операторынан, сондай-ақ аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің шешімімен банктік емес ұйымның жарғылық капиталын қалыптастырудың өзге мөлшері мен тәртібі көзделуі мүмкін жеке жағдайлардан басқа).
Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін төлеу талаптары жарғылық капиталының қалыптасуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.»;
«8. Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін Ереженің 4-тармағының 1), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
«18. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге арналған лицензиясы бар заңды тұлға лицензияны алуға арналған өтініште көрсетілген орналасқан жерлері өзгерген, сондай-ақ Ереженің 4-тармағының 2), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда, уәкілетті органға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он төрт күн ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құжаттарды ұсынады.»;
«22. Уәкілетті орган лицензиясы жоғалған, бүлінген жағдайда банктік емес ұйымнан жазбаша өтініш алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде лицензияның телнұсқасын жоғарғы оң жақ бұрышына нөмірі мен «Телнұсқа» деген жазба жасау және нөмір қою арқылы береді.
23. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган және уәкілетті орган банктік емес ұйымға Банктер туралы заңның 46-бабында, 47-бабының 2-тармағының а), б) тармақшаларында, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңның 5-4-бабында және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабында көзделген негіздемелер бойынша көзделген шектеулі ықпал ету шараларын және (немесе) санкциялар қолдана алады.
24. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімі банктік емес ұйымға орындау үшін жіберіледі және уәкілетті органның ресми басылымдарында жарияланады.
25. Лицензиясы тоқтатыла тұрған банктік емес ұйым ай сайын әр айдың оныншы күнінен кешіктірмей (лицензияның қолданылуы қайта басталған күнге не лицензияның тоқтатыла тұру мерзімі аяқталғанға дейін) уәкілетті органға анықталған жөнсіздіктерді жою бойынша банктік емес ұйым өткізген іс-шаралар туралы хабар береді.
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған банктік емес ұйым:
1) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күн ішінде уәкілетті органға лицензияны қайтарады;
2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі айлық мерзімде уәкілетті органға атауының өзгеруіне байланысты (ипотекалық ұйымдар үшін) әділет органдарында қайта тіркелуін, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулардың тіркелуін (құрылтай құжаттарына банктік емес ұйымның қайта тіркелуіне әкелмейтін қызметінің түрін өзгерту негіздемелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда) растайтын құжаттарды және банктік емес ұйымның салық қызметі органдарына лицензиядан айыру туралы хабарламасының көшірмесін ұсынады.»;
«27. Уәкілетті орган лицензияны беру, одан айыру, тоқтата тұру, тыйым салу және қайта бастау туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы не мүдделі тұлғалардың сұратулары бойынша ашады.».
6. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысымен (26.02.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 жылғы № 25 Қаулысымен (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.04.2014 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
8. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылы № 180 (2381) „Заң„ газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 36 Қаулысына сәйкес (29.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша
2-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 жылғы № 36 Қаулысына сәйкес (29.04.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 3-қосымша
3-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша
4-қосымша күшін жойды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 24 Қаулысына сәйкес (30.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша
5-қосымша күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 жылғы № 212 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.11.2013 жылы № 180 (2381) „Заң„ газетінде жарияланды
Полная версия