"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 41-бабының4-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабына және 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамызда N 180 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 14 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5789 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 24.12.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) бекiтілсін.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 15-тармағының 11) және 12) тармақшаларын қоспағанда Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
#$01.2013 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың 15-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Нұсқаулықтың 6-1-тарау 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (27.07.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
5. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорлары мен бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп берулерін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесін пысықтауды қамтамасыз етсін.
6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 180 қаулысымен бекітілді
Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулық
Осы Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндерi, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулық «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 41-бабының 4-тармағына, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрi - Қор) сақтауы мiндеттi пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерін және есептеу әдiстемесiн, сондай-ақ тиiстi есептiлiк нысандары мен оны берудiң мерзiмдерiн белгiлейдi.
Осы Нұсқаулықта көзделген Қордың үлестес тұлғалары бөлігіндегі нормалар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының көрсетілген ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей иелену (банктер бойынша – жанама) нәтижесінде Қормен үлестес болып табылатын заңды тұлғаларға және олардың үлестес тұлғаларына қатысты қолданылмайды.
Кіріспе жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2012 № 374 қаулысымен (27.07.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
Полная версия