Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 57 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7538 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы» 2009 жылғы 27 ақпандағы № 36 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5603 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 15 мамырдағы 72 (1495) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
1) міндетті зейнетақы жарналарын қабылдауға;
       2) Салымшыға (Алушыға) № ________________ жеке зейнетақы шотын ашуға;
3) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын тек уәкілетті кастодиан банкте қалыптастыруға және сақтауға;
4) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты мен оған жасалған төлемдерінің жеке есебін жүргізуді жүзеге асыруға;
5) Салымшының (Алушының) жинақталған зейнетақы қаражатына инвестициялық кірісті есептеуге;
6) Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарт жасасуға;
7) күнтізбелік жылдың аяғына есептелетін Қордың зейнетақы активтері бойынша номиналды кіріс көрсеткіші мен кірістіліктің барынша төмен мәнінің арасындағы айырманы Қордың меншікті капиталы есебінен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 4 тармағында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 181 қаулысымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықта (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5793 тіркелген) белгіленген тәртіппен қалпына келтіруді;
8) Салымшыға (Алушыға) жылына кемінде бір рет, сондай-ақ кез келген сұратылған күніне, ақы алмастан, оның сұратуы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты ұсынуға және Заңның 50-бабында көзделген талаптарды ескере отырып, Салымшымен (Алушымен) келісім бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражаты туралы ақпаратқа кірудің электрондық және өзге тәсілдерін қамтамасыз етуге;
9) осы Шартты жасау кезінде, сондай-ақ сұрату бойынша Салымшыға (Алушыға) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымның және Қордың зейнетақы активтерінің есебін жүргізуді және сақталуын жүзеге асыратын кастодиан банктің атауы және нақты орналасқан жері, сондай-ақ олардың акционерлері туралы және Қордың акционерлері туралы мәліметтерді осы Шарттың 5-тармағында белгіленген көлемде ұсынуға;
10) осы Шартты жасау кезінде Салымшыны (Алушыны) Қордың зейнетақы ережелерімен таныстыруға;
11) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу мәселелері және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметі бойынша оған ақысыз консультациялық қызметтер көрсетуге;
12) Салымшының (Алушының) сұратуы бойынша Салымшының (Алушының) мүдделерін қозғайтын барлық өзгерістер туралы, оның ішінде Қордың өткен жылғы номиналды кірістілігі көрсеткішінің мәні туралы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымының және кастодиан банктің ауысқаны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережесіне енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат беруге;
13) Салымшының (Алушының) өтініші бойынша инвестициялық портфелінің түрін, эмитенттердің атауын, қаржы құралдарының түрін, қаржы құралдарының саны мен ағымдағы құнын, осы қаржы құралдарына инвестициялар мөлшерінің Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына пайыздық арақатынасын көрсете отырып зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қордың зейнетақы ережелерінде белгіленген тәртіппен және мерзімде Салымшының (Алушының) өтінішінде көрсетілген қосымша ақпаратты беруге;
Полная версия
ИС BestProfi