Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 13 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4803 болып енгізілді.
Осы редакция 15.07.2010 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы ", 
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне 
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 
2007 жылғы 19 ақпандағы Заңдарын (бұдан әрі - Заңдар) іске асыру 
мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы 
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сәйкестендіру нөмірлері 
мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік 
құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Заңдар қолданысқа енген күннен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың бесінші, он бірінші, он сегізінші, жиырма сегізінші абзацтарын, 8-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтарын, 13-тармақтың төртінші, бесінші,  тоғызыншы абзацтарын, 20-тармақтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы абзацтарын, 24-тармақтың бесінші, алтыншы абзацтарын қоспағанда, Заңдар қолданысқа енген күннен бастап үш жыл алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 
мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын; 
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлемін төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына, "Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қоры", "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жiберсiн.
4. Агенттіктің Төраға қызметі (Заборцева Е.Н.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi