Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы ", Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі " Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы " Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы
Внимание! Документ утратил силу с 22.10.2014
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 240 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 30 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5517 болып енгізілді.
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы, оны бірінші рет ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерінің 2009 жылғы 1 сәуірден бастап күші жойылды деп танылсын.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 240 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4446 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы N 201 (1007) жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 78 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4666 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысының 24 тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылдың шілде-тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың актілер жинағында жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау туралы ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 23 қыркүйектегі N 217 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы N 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5258 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2008 жылғы 31 шілдедегі N 115 (1515), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қыркүйектегі N 9 жарияланған).
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 240 қаулысымен бекітілген
Полная версия