"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 8 тармағының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі N 108 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6423 болып енгізілді
Осы редакция 28.10.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынастар арқылы байланысты тұлғалармен жасаған мәмілелері жөніндегі ақпаратты ұсыну нысандары (бұдан әрі – нысандар) бекiтiлсiн.
2. Екінші деңгейдегі банктер ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың он бесінші жұмыс күнiнен кешiктiрмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі уәкілетті орган) нысандарды осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес ұсынылып отырған деректердiң құпиялылығын және түзетілмеуін қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар ақпаратты кепілдікпен жеткізудің көлік жүйесін пайдалану арқылы электронды тасымалдағышта ұсынады.
Банктер уәкiлеттi органның талап етуi бойынша сұрату алынған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей нысандарды қағаз тасымалдағышта ұсынады.
Электронды тасымалдағышта ұсынылатын деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен бірдейлігін банк басқармасының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
Агенттік Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктердiң олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмiлелерi туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекiту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4298 тіркелген) қаулысы;
Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген, 2007 жылғы мамыр-шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) қаулысының 21-тармағы;
Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің олармен айрықша қатынаста болатын тұлғалармен жасаған мәмілелері туралы ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы № 134 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 29 қазандағы № 173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387) тіркелген қаулысы.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрағаның міндетін атқарушы Қ. Қожахметов
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 108 қаулысының 1-қосымшасы
1-нысан
Полная версия