Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 28.12.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығы
Тізілімге өзгертілді ҚР Президентінің 22.05.2000 № 401, 13.11.2001 № 720, 24.09.2002 № 951, 16.05.2003 № 1094, 23(19.09.2002 бастап күшіне енеді).04.2004 № 1350, 07.05.2004 № 1362, 07.09.2004 № 1435, 23.03.2005 № 1528, 30.06.2005 № 1598 (01.07.2005 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.07.2005 № 1614 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгізіледі), 06.06.2006 № 131, 20.10.2006 № 206, 27.11.2007 № 446, 28.12.2007 № 501 (01.01.2008 бастап күшіне енеді), 19.02.2008 № 542, 29.12.2009 № 911, 22.09.2010 № 1066, 02.05.2011 № 67, 05.03.2012 № 278, 21.06.2012 № 344, 05.10.2012 № 403 Жарлықтарымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 8-т. қараңыз)
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаулы етемін:
1. Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі, Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).  
2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығымен бекітілген
Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігінiң Басшысы
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлігі Басшысының  бiрiншi орынбасары мен орынбасарлары 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары        Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері 
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері        Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері 
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы және мүшелері
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары
Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Полная версия
ИС BestProfi