Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317 Жарлығы
Жарлықтың атауына өзгертілді ҚР Президентінің 28.12.2007 № 501 Жарлығымен (27.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2008 бастап күшіне енеді)
1. Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі, Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 28.12.2007 № 501 Жарлығымен (27.11.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2008 бастап күшіне енеді)
Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары Қазақстан Республикасының министрлері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы және мүшелері Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет iстерi агенттiгi аумақтық органдарының басшылары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртiптiк кеңестерiнiң төрағалары