Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 тамыздағы № 1037 Жарлығы
Осы Қаулының тақырыбы өзгертілді ҚР Президентінің 18.05.2015 жылғы № 23 Жарлығымен (17.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.01.2016 жылғы № 175 Жарлығына сәйкес (18.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Жарлығының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.01.2022 жылғы № 786 Жарлығына сәйкес (27.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 09.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі 
актілерінің жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының [[8) тармақшасына|521441898], «Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын дайындау және іске асыру, актілерімен және тапсырмаларымен жұмыс істеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық жарлықтарға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуына және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің іске асырылуына бақылауды күшейту, халықаралық іс-шараларды дайындауды жүйелендіру, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау және халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 18.05.2015 жылғы № 23 Жарлығымен (17.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.01.2016 жылғы № 175 Жарлығына сәйкес (18.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.04.2023 жылғы № 195 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуы туралы ақпаратты дайындау және оны Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің жобаларын келісу және оларды іске асыру, Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің арнайы рәсімдерімен және адам құқықтары жөніндегі шарттық органдармен өзара іс-қимыл, Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасының халықаралық іс-шараларын дайындау, қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау, халықаралық сот органдарымен өзара іс-қимыл және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының халықаралық қызметін үйлестіруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.05.2015 жылғы № 23 Жарлығымен (17.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.01.2016 жылғы № 175 Жарлығына сәйкес (18.05.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 25.01.2022 жылғы № 786 Жарлығына сәйкес (27.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары Қағидаларда  белгіленген тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдар шешімдерінің және қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына бақылауды күшейтсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде Үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейлердегі халықаралық іс-шараларды, шетелдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялар (комитеттер, кеңестер) және олардың шағын комиссиялары (шағын комитеттер, жұмыс топтары) отырыстарын ұйымдастыру мен өткізу, сондай-ақ үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыру ережесін бекітсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басшылары бекітілетін Қағидаларға сәйкес ұсынылатын ақпараттың және ұсыныстардың анықтығы, сапасы мен уақтылығы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен мемлекеттік мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша өздерінің көпшілік алдындағы сөздері мен мәлімдемелері Қазақстан Республикасының ресми ұстанымына сәйкес келуіне дербес жауапты болады деп белгіленсін.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.11.2017 жылғы № 582 Жарлығына сәйкес (14.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүдделерін қозғайтын өзекті халықаралық мәселелер жөніндегі Қазақстан Республикасының ресми ұстанымы туралы хабардар етсін.
5. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 428-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколында:
«24. Қазақстан тарапынан келіссөздерге қатысушылардың құрамы жөніндегі ұсыныстарды Сыртқы істер министрлігі енгізеді және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Президент Әкімшілігі) бекітеді.
Президенттің келіссөздер жүргізу тәртібін Президент Протоколы айқындайды.»;
42-тармақтың бірінші бөлігінде «, материалдарды және құжаттарды 5-қосымшаға сәйкес қол қоюға дайындайды» деген сөздер алып тасталсын;
65-тармақтың екінші бөлігінде «5-қосымшаға сәйкес ақпараттық-талдау материалдарын, сондай-ақ шетелдік» деген сөздер «Шетелдік» деген сөзбен ауыстырылсын;
6. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкіметаралық деңгейлердегі кездесулер мен келіссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдерін іске асыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 9 сәуірдегі № 2940 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 14, 109-құжат; 2004 ж., № 21, 264-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 9 сәуірдегі № 2940 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1361 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 264-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi