Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 1129 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ереже осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2010 жылғы 28 желтоқсандағы
 № 1129 Жарлығына
 ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 11 наурыздағы
 № 552 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
 1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мәртебесін, миссиясын, негізгі міндеттері мен функцияларын, өкілеттігін, жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - Әкімшілік) Қазақстан Республикасының Президенті (бұдан әрі - Президент) құратын, оған тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады.
2. Әкімшілік пен оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Әкімшілік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары, соның ішінде валюталық шоттары болады.
4. Әкімшіліктің құрылымы мен штат санын Президент айқындайды.
5. Әкімшіліктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі».
6. Әкімшіліктің заңдық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, "Ақорда" резиденциясы.
7. Әкімшіліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi