Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2000 жылғы 22 мамыр N 401
Осы Жарлық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президентінің 29.12.2015 жылғы № 152 Жарлығына сәйкес
Редакция 25.03.2001 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 29 желтоқсандағы N 317  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1999 ж., N 58, 559-құжат): 
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: 
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшелері (мемлекеттік қызметшілер мәртебесін иеленушілер) және мемлекеттік инспекторлары," деген сөздер алынып тасталсын; 
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары"; 
2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік саяси қызметшілерінің ант беру тәртібін бекіту туралы" 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 372  Жарлығында:
2-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мемлекеттік қызметшілер мәртебесі бар мүшелері", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссияның мемлекеттік инспекторлары" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3)-тармақша күшін жойды - ҚР Президентінің 2001.03.26. N 575 жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті
Полная версия
ИС BestProfi