Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.12.2007
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі N 1606 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 28.12.2007. № 501 Жарлығымен (06.07.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді)
1. "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1282  Жарлығына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 4, 48-құжат; 2005 ж., N 15, 174-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде: 
тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: 
"Қазақстан Республикасының шетел мекемелері";
С-7, С-8, С-9, С-10 және С-11 санаттары "СІМ" деген аббревиатурадан кейін "және шетел мекемесінің" деген сөздермен толықтырылсын;
Е санаттары тобындағы де "республикалық маңызы бар қалалар мен астанадағы" деген сөздер "қалалардағы" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi