Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 және 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1298 Қаулысы       
Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (26.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
2) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 2, 327-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеде: 
18-тармақтың екінші абзацындағы "Үкіметінің қаулыларымен" деген сөздер "Премьер-Министрінің өкімдерімен" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi