1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгін жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шiлдедегi
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2023
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шілдедегi N 784 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы N 439 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысына сәйкес
"Қазақстан Республикасы Президентінiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 31 наурыздағы N 1533 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
N 784 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттік саяси қызметшілерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде:
мына:
"Вице-министрлер Үкiмет министрлер Президентпен -
немесе оның тапсырмасы бойынша
Әкімшілік
Басшысымен " деген жолда "Лауазымы" деген бағанда "Вице-министрлер" деген сөздер "Министрлердiң орынбасарлары (вице-министрлер)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Кедендiк бақылау, Үкiмет агенттiктердiң Әкiмшiлiк -
төтенше жағдайлар төрағалары Басшысымен жөнiндегi, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi (қаржы полициясы) агенттіктерi төрағаларының орынбасарлары* " деген жол алынып тасталсын;
мына:
"Қылмыстық-атқару Үкiмет министрлер Әкiмшілiк -
жүйесi; тiркеу Басшысымен қызметi;
мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеттерiнің;
құқық қорғау органдары комитеттерінің төрағалары* " деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Министрлiктер Үкiмет министрлер Әкiмшiлiк -
комитеттерінің Басшысымен төрағалары* ";
Полная версия