Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамын және "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 Қаулысы
Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы оған «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 66-жол алынып тасталсын;
2) Тармақша алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (26.12.2007 жылғы редакцияны қараңыз)
3) «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
«Ұлттық компаниялар» деген бөлімде реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын.
3. «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 21 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 168-құжат) күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия