Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2023
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту, "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1011 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 22.02.2023 жылғы № 149 Қаулысына сәйкес
Редакция 03.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1992 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы сауда өкілдіктерін өзара құру туралы келісімді және 2007 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісімді іске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
2. «Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі Үкімет Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдiгi туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 58 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы № 58 қаулысы.
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi осы қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулы 2012 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнің
 2012 жылғы 31 шілдедегі
 № 1011 қаулысымен
 бекiтiлген
Қазақстан Pecпубликасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігі туралы ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі (бұдан әрі – Сауда өкілдігі) Қазақстан Республикасы Үкiметінің атынан әрекет ететiн және Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметі саласындағы мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
2. Сауда өкілдігі өз қызметінде Қазақстан  Республикасының  Конституциясы мен заңдарын, халықаралық шарттарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Сауда өкілдігі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының мемлекеттік тілдерінде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Сауда өкілдігінің Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі түріндегі, өзінің Ережесіне сәйкес оның міндеттерін, функциялары мен құқықтарын жүзеге асыратын бөлімшесі бар.
Сауда өкілдігінің бөлімшесі туралы ережені уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша Сауда өкілі бекітеді.
4. Сауда өкілдігi өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сауда өкiлдiгiне уәкiлеттiк берілген болса, ол Қазақстан Республикасының атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы ретiнде әрекет етуге құқылы.
5. Сауда өкiлдiгiнің мiндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жауапты болады.
Сауда өкілдігі сыртқы сауда қызметiнің қазақстандық қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал сыртқы сауда қызметiнің қазақстандық қатысушылары Сауда өкілдігінің мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
6. Сауда өкілдігі өз қызметінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) есеп бередi.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.12.2019 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (14.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Уәкілетті орган Сауда өкілдігінің қызметiн бақылауды, сондай-ақ оны қаржылық және кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша жыл сайынғы негізде Сауда өкілдігінің жұмыс жоспарын және Сауда өкілдігі қызметі тиімділігінің түйінді көрсеткіштерін бекітеді.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сауда өкілдігінің жұмысын үйлестiредi және бақылайды.
7. Сауда өкілдігі Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілері одақтарының (қауымдастықтарының), бірлестіктерінің коммерциялық емес мүдделерін білдіре алады.
2. Сауда өкілдігінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
1) Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға және кеңейтуге жәрдемдесу;
2) сыртқы сауда-экономикалық қызметтің барлық мәселелері бойынша Қазақстан Pecпубликасының мемлекеттік мүдделерiн Ресей Федерациясында білдiру және оларды қорғауды қамтамасыз ету;
3) Ресей Федерациясының нарығына қазақстандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, зияткерлік меншік объектілерін ілгерілетуге, сондай-ақ сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына болу мемлекетінде кредит ресурстарын берудің қолайлы жағдайларын жасауға жәрдем көрсету;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.12.2019 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (14.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4) Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда қызметінің жағдайлары мен заңнамасы туралы сыртқы сауда қызметiнiң қазақстандық қатысушыларын ақпараттандыру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы туралы осындай ақпараттарды Ресей Федерациясындағы мүдделi тұлғаларға ұсыну, оның ішінде Сауда өкілдігінің ресми сайты арқылы.
9. Сауда өкiлдiгi өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сыртқы сауда саясатын iске асыруға қатысады;
2) жалпы сауда-экономикалық axуaлды және оның Ресей Федерациясындағы дамуының негiзгі үрдiстерiне, сыртқы сауда байланыстарына, сыртқы сауда қызметi саласындағы заңнамаға, тауарлар мен қызмет көрсету нарығының конъюнктурасына талдау жүргізеді, аталған сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасының уәкілеттi органды және қажет болған жағдайда сыртқы сауда қызметiнің қазақстандық қатысушыларын ақпараттандырады;
3) сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына Ресей Федерациясында сауда-экономикалық ынтымақтастық орнатуына, келіссөздер жүргізуіне, сыртқы сауда мәмілелерін жасасуына, оның ішінде, Қазақстан Республикасының инвестицияларын және экспортқа бағдарланған өнімдерін Ресей Федерациясының нарығында ілгерілету мақсатында жәрдем көрсетеді;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен сыртқы сауда ынтымақтастығына қатысты бөлігінде, оның ішінде сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтар шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі форумдарға, конференцияларға, өзге де іс-шараларға, үкіметаралық комиссияның және өзге құралымдардың жұмысына қатысады;
4-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5) Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстан Республикасының сауда көрмелерін, жәрмеңкелерін, конференцияларын, форумдары мен өзге іс-шараларын өткізуге және осы іс-шараларға, оның ішінде Мәскеу қаласындағы халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағындағы «Қазақстан» сауда-көрме орталығын салу мен реконструкциялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы өзге мамандандырылған іс-шараларға сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларын тартуға жәрдемдеседі;
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.05.2019 жылғы № 284 Қаулысына сәйкес (08.11.2013 ж. редакцияны қараңыз)
6) Ресей Федерациясының мемлекеттік органдары мен іскер топтарын Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, конференцияларға, форумдар мен өзге іс-шараларға қатысуға тарту жөніндегі жұмыс жүргізеді;
6-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
7) сыртқы сауда қызметінің қазақстандық және шетелдік қатысушылары арасындағы сауда және басқа да коммерциялық дауларды сотқа дейін реттеуге жәрдемдеседі;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.12.2019 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (14.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
8) қазақстандық тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, зияткерлік меншік объектілерінің экспортын жүзеге асыру үшін кедергілерді анықтау және оларды жою бойынша шаралар туралы ұсыныстар дайындау жұмыстарын жүргізеді;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.12.2019 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (14.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
9) қазақстандық тауарларды, көрсетілетін қызметтерді және зияткерлік меншік объектілерін ілгерілету мақсатында Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен сауда-экономикалық мәселелер бойынша келіссөздерге қатысады;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.12.2019 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (14.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
10) болу мемлекетінің экономикалық даму перспективасы мен жағдайын, экономиканы реттеу саласындағы заңнаманы және оны қолдану тәжірибесін, тауар, жұмыс, қызмет және инвестиция нарығының конъюнктурасын, Қазақстан Республикасымен, өзге де мемлекеттермен сыртқы экономикалық қатынастарды зерттейді, талдайды және осы мәселелер бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына, сондай-ақ, сыртқы экономикалық қызметтің қазақстандық қатысушыларына олардың сұрауларына сәйкес ақпаратты жолдайды;
11) болу мемлекетінің сауда саясаты мен сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу шараларына қатысты мәліметтерді жинауды және талдауды, ақпараттық, ұйымдастырушылық және конультациялық қолдау көрсету мақсатында сыртқы экономикалық қызметтің қазақстандық қатысушыларына тиісті материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
12) сыртқы сауда қызметiнiң қазақстандық қатысушыларының сұраулары бойынша болу мемлекетінде қазақстандық тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге қатысты әлеуетті сұраныс туралы ақпаратты әзірлейді және сыртқы экономикалық қызметтің мүдделі қатысушыларына тиісті ұсыныстар мен материалдар ұсынады;
13) сыртқы сауда қызметінің қазақстандық қатысушыларына болу мемлекетінің аумағында бірлескен жобаларды іске асыру үшін әріптестерді іріктеуде, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындармен және ұйымдармен ынтымақтастыққа тартылған болу мемлекетінің жеке және заңды тұлғаларының сенімділігі тұрғысынан қарастыруда жәрдем көрсетеді;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.12.2019 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (14.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
14) Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкес өзге де функциялар.
10. Сауда өкiлдігінің мүлкі оған мемлекет берген мүлiк есебiнен құрылады және ол негізгi қорлар мен айналымдық құралдардан, сондай-ақ құны Сауда өкілдігінің теңгерiмiнде көрсетілетiн өзге де мүліктен тұрады.
Сауда өкiлдiгiне бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Сауда өкiлдiгiнің бекiтiлген мүліктi дербес иелігінен шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Сауда өкiлдiгінің қызметiн ұйымдастыру
11. Сауда өкілдігін Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген, уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының Сауда өкілі (бұдан әрі - Сауда өкілі) басқарады.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Сауда өкілінің Қазақстан Республикасының Президентімен келісілген, уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары бар.
12. Шетелде жұмыс істеу кезеңінде Сауда өкілі және Сауда өкілдігінің қызметкерлері уәкілетті органмен еңбек қатынастарында болады.
12-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
13. Қызметтік міндеттері бойынша Сауда өкілдігінің персоналы Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері болып бөлінеді.
13-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Сауда өкілдігінің қызметкерлері азаматтық қызметшілер, өкілдікте штаттық лауазымдар атқаратын Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
Сауда өкілдігінің жұмыскерлеріне өкілдікте штаттық әкімшілік-техникалық лауазымдар атқаратын, Сауда өкілдігі қызметкерлерінің отбасы мүшелерінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының азаматтарынан және болу мемлекетінің азаматтарынан еңбек шарттары негізінде қабылданатын, қызмет көрсетуші персоналдың функцияларын жүзеге асыратын әкімшілік-техникалық персонал жатады.
14. Сауда өкілдігінің қызметкерлерін Сауда өкілінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісім бойынша уәкілетті органның бірінші басшысы тағайындайды.
14-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
15. Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері үшін жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ұзақтығы, оның ішінде мереке күндері Ресей Федерациясы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.
15-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
16. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын өткізу үшін Қазақстан Республикасына жол жүрген кезде Сауда өкілдігін қызметкерлеріне шетелдегі жұмыс орнынан тұрақты тұратын орнына дейінгі жолақысының құны және тұрақты тұратын орнынан шетелдегі жұмыс орнына дейін кері қайту жолақысының құны әуе көлігін пайдаланған кезде - экономикалық кластың тарифі бойынша, теміржол көлігімен жол жүрген кезде - жүрдек фирмалық поездың купелік вагонының жолақысы құны мөлшерінде күнтізбелік жылда бір рет шетелдік және ұлттық валюталарда төленеді.
16-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Бұл ретте демалысын басқа мемлекетте өткізген кезде Сауда өкілдігінің қызметкерлеріне шетелдегі жұмыс орнынан демалысын өткізетін орынға дейінгі және кері қайту жолақының құны, бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын орнына дейінгі және кері қайту жолақысының құнынан аспайтын мөлшерде төленеді.
17. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
17-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
18. Мемлекеттік мекемелердің (мемлекеттік мекемелер болып табылатын мемлекеттік органдардан басқа), акцияларының бақылау пакеті немесе жарғылық капиталына қатысудың бақылау үлесі мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері Сауда өкілдігінде өз қызметін уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісу бойынша көрсетілген өкілдер Сауда өкілдігінің штат санына кірмей жүзеге асыра алады.
18-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.12.2019 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (14.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
19. Сауда өкілі:
19-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.11.2013 жылғы № 1174 Қаулысымен (31.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)
19-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.12.2019 жылғы № 900 Қаулысына сәйкес (14.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1) Сауда өкілдігінің жұмысына тікелей басшылық етеді;
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, болу мемлекетінің жергілікті жағдайлары мен дәстүрлеріне сәйкес Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жұмыс уақыты мен демалу уақытының режимін анықтайды;
3) Сауда өкілі орынбасарларының, Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
4) Сауда өкілдігінің қызметкерлері мен жұмыскерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
5) Сауда өкілдігінің атынан заңдық әрекеттер жасайды;
6) арнайы байланыс арналары бойынша мемлекеттік органдарға жолданатын құжаттарға өзі қол қоюға құқығы бар;
7)кадрмен қамтамасыз ету, қаржылық, бухгалтерлік қамтамасыз ету, сондай-ақ жедел-шаруашылық қызмет мәселелеріне қатысты барлық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие;
8) өзі болмаған кезеңге өз өкілеттіліктерін орынбасарларының біреуіне жүктеу туралы бұйрықтар шығарады;
9) Сауда өкілдігіне және Сауда өкілдігінің Қазан қаласындағы бөлімшесіне жұмысқа қабылдау үшін кандидатураларды уәкілетті органның бірінші басшысының қарауына ұсынады;
10) уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген штат санының лимиті шегінде Сауда өкілдігінің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының және болу мемлекетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады;
12) өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен келіседі және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
Сауда өкілі Сауда өкілдігінің өзіне жүктелген міндеттерді орындауына және тиімділіктің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты болады.
5. Сауда өкiлдігін қайта ұйымдастыру және тарату
20. Сауда өкiлдігін қайта ұйымдастыру және тарату Ресей Федерациясының тиiстi органдарын хабарландыра отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнің шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi