Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 Қаулысы
Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерi Iшкi iстер министрлiгiнiң Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерi болып қайта аталсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (04.05.2005 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы 2005 жылғы 17 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2005 жылғы 4 мамырдағы
 N 423 қаулысына
 қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі қайта аталатын аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiнiң тiзбесi
1. Астана қаласының Iшкi iстер бас басқармасы Астана қаласының Iшкi iстер департаментiне. 
2. Ақмола облысының Iшкi iстер бас басқармасы Ақмола облысының Iшкi iстер департаментiне. 
3. Ақтөбе облысының Iшкi iстер басқармасы Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментiне. 
4. Алматы қаласының Iшкi iстер бас басқармасы Алматы қаласының Iшкi iстер департаментiне. 
5. Алматы облысының Iшкi iстер бас басқармасы Алматы облысының Iшкi iстер департаментiне. 
6. Атырау облысының Iшкi iстер басқармасы Атырау облысының Iшкi iстер департаментiне. 
7. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер бас басқармасы Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне. 
8. Жамбыл облысының Iшкi iстер басқармасы Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментiне. 
9. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер басқармасы Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне. 
10. Қарағанды облысының Iшкi iстер бас басқармасы Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментiне. 
11. Қызылорда облысының Iшкi iстер басқармасы Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментiне. 
12. Қостанай облысының Iшкi iстер бас басқармасы Қостанай облысының Iшкi iстер департаментiне. 
13. Маңғыстау облысының Iшкi iстер басқармасы Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментiне. 
14. Павлодар облысының Ішкi iстер басқармасы Павлодар облысының Iшкi iстер департаментіне. 
15. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер басқармасы Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне. 
16. Оңтүстік Қазақстан облысының Iшкi iстер бас басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментiне. 
17. Көлiктегi Батыс iшкi iстер басқармасы Көлiктегi Батыс iшкi iстер департаментiне. 
18. Көлiктегi Орталық iшкi iстер басқармасы Көлiктегi Орталық iшкi iстер департаментiне. 
19. Көлiктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер басқармасы Көлiктегi Оңтүстік-Шығыс iшкi iстер департаментiне. 
Полная версия
ИС BestProfi