Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 27.12.2023
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 784 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 437 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысына сәйкес
1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiрудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 784 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерi мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тiзбесiнде:
мынадай:
"Мемлекеттiк Үкiмет агенттiктердiң Әкiмшiлiк құпияларды қорғау төрағалары Басшысымен" жөнiндегi және қаржы полициясы агенттiктерi төрағаларының орынбасарлары* деген жол алынып тасталсын;
мынадай:
"Премьер-Министр Үкiмет Премьер-
Кеңсесi Басшысының Министр орынбасарлары Кеңсесiнiң
Басшысы" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Кедендiк бақылау және Үкiмет агенттiктердiң Әкiмшiлiк қаржы полициясы төрағалары Басшысымен";
агенттiктерi төрағаларының орынбасарлары*
" деген бағандағы "Конкурстық рәсiмдер арқылы" деген cөздер "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кiм тағайындайды" деген бағанда "Премьер-Министрдiң штаттан тыс кеңесшiлерi" деген жолдағы "Үкiмет" деген сөз "Премьep-Министр" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Лауазымы" деген бағанда: "Кеден, қылмыстық-атқару жүйесi; нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi; тiркеу қызметi; мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру; жол полициясы комитеттерiнiң төрағалары*" деген жолда:
"Кеден," және "; жол полициясы" деген сөздер алынып тасталсын;
"комитеттерiнiң" деген сөзден кейiн "; құқық қорғау органдары комитеттерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
"IIМ орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, ІІМ Академиясының бастығы" деген жолда:
"IIМ Академиясының бастығы" деген сөздер алынып тасталсын;
"Кiммен келiсiледi (ұсынылады)" деген бағандағы "Премьер- Министрдiң орынбасарымен" деген сөздердiң алдынан "Әкiмшiлiк Басшысымен," деген сөздермен толықтырылсын;
"Лауазымы" деген бағандағы "Облыстар, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер басқармаларының бастықтары*" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Облыстық, Астана, Алматы қалалары көлiктегi iшкi iстер басқармаларының (бас басқармаларының) бастықтары";
"Кiммен келiсiледi (ұсынылады)" деген бағандағы "Премьер- Министрдiң орынбасарымен" деген сөздердiң алдынан "Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкiмшiлiк Басшысымен," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай:
"IIM орталық аппараты Iшкi iстер Iшкi iстер Премьер-
департаменттерiнiң министрi министрi Министрдiң бастықтары, IIМ орынбасарымен, Академиясының Премьер-
бастығы" Министр
Кеңсесiнiң
Басшысымен" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"IIM Академиясының Iшкi iстер Iшкi iстер Премьер-
бастығы" министрi министрi Министрдiң орынбасарымен, Премьер-
Министр
Кеңсесiнiң
Басшысымен";
мынадай:
"Көліктегі ішкі істер Ішкі істер Ішкі істер Премьер-
басқармаларының министрі министрі Министрдің бастықтары" орынбасарымен, Премьер-
Министр
Кеңсесінің
Басшысымен" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар, Астана және Әдiлет Әділет Әкімшілік
Алматы қалаларының министрi министрі Басшысымен, әділет басқармаларының Премьер-
бастықтары, облыстар, Министрдің
Астана қаласы, Алматы орынбасарымен, қаласы мен Алматы Премьер-
облысы бойынша Министр
Қылмыстық-атқару Кеңсесінің жүйесi комитетi Басшысымен басқармаларының бастықтары, Әдiлет министрлiгiнiң "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры ";
мынадай:
"Облыстар, Астана және Мемлекеттiк Мемлекеттiк Премьер-
Алматы қалалары кеден кiрiс кiрiс министрi Министрдiң басқармаларының министрі орынбасарымен, бастықтары" Премьер-
Министр
Кеңсесiнiң
Басшысымен" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар, Астана және Кедендік Кедендік Әкімшілік
Алматы қалалары кеден бақылау бақылау Басшысымен, басқармаларының агенттігінің агенттігінің Премьер-
бастықтары" төрағасы төрағасы Министрдің орынбасарымен, Премьер-
Министр
Кеңсесінің
Басшысымен";
"Лауазымы" деген бағанда "Облыстар, Астана және Алматы қалалары қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтары және көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтары" деген жолда: ", Қаржы полициясы агенттiгi орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары" деген сөздермен және "Кiммен келiсiледi (ұсынылады)" деген бағандағы "Премьер-Министрдiң орынбасарымен" деген сөздердiң алдынан "Әкiмшiлiк Басшысымен," деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын немесе онымен келiсiм бойынша тағайындалатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мемлекеттiк саяси қызметшiлерiн және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келiсу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртiбi туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Егер Премьер-Министр, Премьер-Министрдiң орынбасары немесе Кеңсе Басшысы өзгеше шешпесе, мынадай лауазымдарға кандидатуралар Премьер-Министр Кеңсесiнiң қорғаныс және құқық тәртiбi, заң, кадр жұмысы бөлiмдерiнде алдын ала зерделенуi тиiс:
Iшкi iстер вице-министрлерi, Iшкi әскерлер қолбасшысының орынбасарлары, Iшкi iстер министрлiгi комитеттерiнiң төрағалары, IIМ орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, көлiктегi ҚIIБ (IIБ) бастықтары, IIМ Академиясының бастығы;
Әдiлет вице-министрлерi, Әдiлет министрлiгi комитеттерiнiң төрағалары, Әдiлет министрлiгiнiң "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттiк мекемесiнiң директоры, облыстар, Астана және Алматы қалалары әдiлет басқармаларының бастықтары, облыстар, Астана қаласы, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармаларының бастықтары;
Кедендiк бақылау агенттiгiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, облыстар, Астана және Алматы қалалары кедендiк басқармаларының бастықтары;
Қаржы полициясы агенттiгiнiң төрағасы және төрағаның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының қаржы полициясы департаменттерiнiң және көлiктегi қаржы полициясы департаменттерiнiң бастықтары, Қаржы полициясы агенттiгiнiң орталық аппараты департаменттерiнiң бастықтары.
Зерделеу қорытындылары келiсiм беру мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды түрiнде ресiмделедi және Премьер-Министрдiң орынбасары мен Кеңсе Басшысына берiледi. Қазақстан Республикасының Президентiмен немесе оның уәкiлеттiк беруiмен Президент Әкiмшiлiгi Басшысымен келiсiм бойынша тағайындалатын кадрлар бойынша қорытындылар Президент Әкiмшiлiгiне хатпен жiберiледi";
6-тармақта:
төртiншi абзацтағы "материалдар қайтадан" деген сөздер "келiсу парағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесiншi абзацтағы "Облыстар әкiмдерiнiң орынбасарларын" деген сөздер "Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң орынбасарларын, әкiмдерi аппараттарының басшыларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия