1. Қоса берiлiп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 13.11.2007 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығы
Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiнде бiрыңғай әрi тиiмдi кадр саясатын жүргiзу, лауазымды тұлғалардың мемлекеттiк мiндеттердi жүзеге асыру үшін жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемін:
1) Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен орталық және жергіліктi мемлекеттiк органдарының өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін.
1-1. Мына кандидатуралар:
1) әлеуметтiк-экономикалық блок (Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт) министрлерiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң және Сенатының бейiндiк комитеттерiнде;
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi басшыларының лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бейiндiк комитетiнде;
3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Мемлекет басшысы тағайындайтын Төрағасы мен екi мүшесiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң бейіндік комитетiнде алдын ала талқылануға тиiс деп белгiленсiн.
2. Мыналардың:
1) "Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтiлетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерiнiң лауазымдар тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 132 Жарлығының;
2) "Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметкe келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 қарашадағы N 87 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығымен Бекiтiлген
Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуімен тағайындалатын және бекiтiлетiн, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінiң лауазымдар ТIЗБЕСІ _________________________________________________________________ ! Кiм ! Кiм ! Кіммен
! тағайын. ! ұсынады ! келісіледі
! дайды ! !(кім ұсынады)
Полная версия