Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
"Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 131 Жарлығы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
"Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Президент   тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары
» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттары тиісінше Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттарының хатшылары Әкімшілік Басшысы
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары жөнінде - Астана және Алматы қалаларының, облыстардың мәслихаттарының хатшылары;»;
«Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдерінің орынбасарлары, әкімдері аппараттарының басшылары; Астана және Алматы қалаларының, облыстардың тексеру комиссияларының төрағалары; облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, қалалардағы аудандардың әкімдері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аумақтық органдарының басшылары - тәртіптік кеңестер төрағалары.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi