Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2023
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына толықтыру мен өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 8 шілдедегі N 1610 Жарлығы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығына сәйкес 
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесiндегi кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828  Жарлығына мынадай толықтыру мен өзгерiс енгізiлсiн:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: 
1) әлеуметтiк-экономикалық блок (Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Мәдениет, ақпарат және спорт) министрлерiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң және Сенатының бейiндiк комитеттерiнде; 
2) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерi басшыларының лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бейiндiк комитетiнде; 
3) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң Мемлекет басшысы тағайындайтын Төрағасы мен екi мүшесiнiң лауазымына - Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң бейіндік комитетiнде алдын ала талқылануға тиiс деп белгiленсiн.";
аталған Жарлықпен бекiтiлген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын және бекiтетiн немесе оның келiсуiмен тағайындалатын және бекiтілетін, оның ұсынуы бойынша сайланатын басшы қызметкерлерінің лауазымдар тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасы     Президент  Сыртқы     Премьер- 
дипломатиялық                          iстер      Министрмен,   өкiлдiктерінің басшылары               министрi   Әкiмшілiк 
                                           Сенатының және                                                     Мәжілісiнің                                                     тиісті                                                     комитеттерiмен"       деген жолда ", Парламент Сенатының және Мәжiлiсiнiң тиiстi комитеттерiмен" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Полная версия
ИС BestProfi