Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1574 Қаулысы
Редакция 28.05.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағы ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1574 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысында:
4-тармақ алынып тасталсын.
2. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысында:
«4) аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық, химиялық, есірткі құралдарын және прекурсорларды әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу, зерттеу және сақтау жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың және мекемелердің объектілері;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жарылғыш және улы заттарды сақтау жөніндегі заңды тұлғалардың объектілері;».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.05.2014 жылғы № 563 Қаулысымен (21.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.08.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия