Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1199
#$: Бұйрықтың атауына және 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
Осы редакция 30.09.2011 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы ереженің жаңа редакциясы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулық туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 287 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
#$: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
#$: 3-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2000 жылғы 2 маусымдағы
 N 266 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің 
 банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу 
 ережесі 
: Ереженің атауына өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының осыларға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі – банктер) клиенттердің банк шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.
: 1-тармақ жаңа редакцияда ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 09.07.2009. № 60 (23.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
2. Осы Ережеде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі ), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы ", "Ақша төлемi және аударымы туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына көзделген ұғымдар пайдаланылады.
#$: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.03.2003 № 90; 24.01.2006 № 2; 09.07.2009. № 60 Қаулыларымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
3.  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
: 3-тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006 жылғы 24 қаңтардағы № 2 қаулысымен.
4. Банктiк есепшоттарды теңгемен де, шетелдiк валютамен де ашуға және жүргiзуге болады және олар ағымдағы, жинақ шоттары және корреспонденттік есепшоттар болып бөлінеді.  
Полная версия
ИС BestProfi