«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 7992 тіркелді
Редакция 31.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасының банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 30 Қаулысымен (24.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 207 Қаулысымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 219 Қаулысымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 207 Қаулысымен (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.11.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банкаралық клирингті жүзеге асыратын клиринг ұйымдарының күнделікті есеп жасау және беру ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 3 шілдедегі № 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 907 тіркелген).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің мониторингін жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және клиринг ұйымдарының күнделікті ақпарат беруі туралы» 2001 жылғы 25 маусымдағы № 244 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1605 тіркелген).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне есеп беретiн екiншi деңгейдегi банктердiң және басқа тұлғалардың елдер, валюталар және қорлар атауларының мемлекеттiк жiктеуiштерiн пайдалануы туралы» 2001 жылғы 1 желтоқсандағы № 489 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1725 тіркелген).
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде № 907 тiркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Клиринг палаталарының күнделiктi есеп жасау және беру ережесiн бекiту туралы» 1999 жылғы 3 шiлдедегi № 158 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» 2003 жылғы 16 сәуірдегі № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2283 тіркелген).
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3993 тіркелген) 5-тармағы.
Полная версия