«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 10.12.2016
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 132 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 9 желтоқсанда N 7333 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 жылғы № 207 Қаулысына сәйкес
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2000 жылы № 9 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабуережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.»;
«2. Осы Ережеде Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.»;
«4. Банктік шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Ереженің 37-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.»;
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1. Банктік шоттарды ашудан бас тарту Салық кодексінде, Төлемдер туралы заңда, «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған не клиент пен банк арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырылады.»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
клиентті салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін - Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиенттің қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
клиенттің банктік шотын жүргізуге (банктік шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жасау кезінде осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
Полная версия

