Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі N 334 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813  қаулысына  мынадай өзгерістер енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ерғожин                  - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- 
Дәулет Еділұлы             министрі, төрағаның орынбасары
Айтжанов                 - Қазақстан Республикасының Ауыл 
Дулат Нулиұлы              шаруашылығы вице-министрі
Әзімова                  - Қазақстан Республикасы Әділет 
Эльвира Әбілқасымқызы      министрлігі Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау,                              
                                     шарттар және талап-арыз жұмыстары департаментінің директоры
Әлібеков                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық 
Ерлан Есмұқанұлы           қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                          Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және олардың алдын алу департаментінің бастығы
Квятковский              - "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" 
Эдуард Олегович            акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары       

көрсетілген құрамнан Елемесов Асқар Раушанұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы, Исабеков Тимур Шамсатұлы, Дәулиев Ермек Көкенұлы, Шынғазиева Макка Жарқынбайқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi