Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 21 қараша N 1745
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары Нефедов Петр Петрович - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі; "Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті директорының міндетін атқарушы, хатшы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры, хатшы"; көрсетілген құрамнан Әбітаев Есберген Әбітайұлы, Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы шығарылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия