Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 мамырдағы N 476 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) тақырыбы мен мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың" деген сөздер "мемлекет кепілдiк берген қарыздардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамында:
тақырыбында "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың" деген сөздер "мемлекет кепiлдік берген қарыздардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулыұлы шаруашылығы вице-министрi;
Гусинский - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Александр Владимирович Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөнiндегi комитетiнiң мүшесi (келiсiм бойынша);
Кәкiшев - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Жандарбек Шәмiлұлы Сенаты Аймақтық даму және жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi жөнiндегi комитетiнiң мүшесi (келiсiм бойынша);
Бәжеев - Қазақстан Республикасының Бас
Амантай Бәжейұлы прокуратурасы Департамент бастығының орынбасары (келiсiм бойынша);
Раев - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Мұрат Құмарұлы вице-министрi;
Молоканов - "Қазақстан Эксимбанкі" ашық
Александр Александрович акционерлiк қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
Сәпиев - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры"
Еркебұлан Оңалбекұлы жабық акционерлiк қоғамының басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары (келiсiм бойынша);
мына:
"Свечников - Қазақстан Республикасының
Вячеслав Иванович Президентi Әкiмшiлiгiнің Мемлекеттiк құқықтық бөлiмi құқықтық тәртiп және заңдылық секторының меңгерушiсi (келiсiм бойынша);
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстембек Қуатәлiұлы министрлiгi Мемлекеттiк борыш және кредит беру департаментiнiң директоры орынбасарының мiндетiн атқарушы, хатшы;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Свечников - Қазақстан Республикасының Президентi
Вячеслав Иванович Әкiмшiлiгiнің Мемлекеттік-құқықтық бөлiмiнiң мемлекеттiк инспекторы (келiсiм бойынша);
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Рүстембек Қуатәлiұлы министрлiгiнiң Мемлекеттік борыш және кредит беру департаментi директорының орынбасары, хатшы;";
көрсетiлген комиссияның құрамынан: Лилия Сәкенқызы Мусина, Ермекқали Аққалиұлы Биғалиев, Сәкен Спаханұлы Сейдуалиев, Сейiтсұлтан Сүлейменұлы Әйiмбетов, Құралай Сейсембайқызы Жұмамбаева, Темiржан Қадырбекұлы Мейрамбеков шығарылсын.
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгі бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мен мәтiнiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға", "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдігі бар мемлекеттік емес заемдардың" деген сөздер тиiсiнше "мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың", "мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
"Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"банктердiң өкiлдерi" деген сөздерден кейiн "және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Полная версия