Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 6 мамыр N 682
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн;

Елубаев Бауыржан Ысқақұлы     - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                                қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары
                                (келiсiм бойынша)
Нұқышев Азат Ғалымұлы         - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және     
                                тарату агенттiгi" ашық акционерлiк қоғамы
                                басқармасының төрағасы
                                (келiсiм бойынша)
Власов Николай Афанасьевич    - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер       
                                вице-министрi
Сейдуалиев Сәкен Спаханұлы    - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты
                                Халықаралық iстер, қорғаныс және           
                                қауiпсiздiк жөнiндегi комитетiнің
                                мүшесi (келiсiм бойынша)
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы     - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                                Мемлекеттiк қарыз алу департаментi
                                директорының мiндетiн атқарушы, хатшы;
     
"Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
     
"Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы  - Қазақстан Республикасының Қаржы       
                                     вице-министрi, төрағаның орынбасары";
     
көрсетiлген құрамнан Айтжанов Дулат Нұлұлы, Дружинин Анатолий Михайлович шығарылсын.
     
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Полная версия
ИС BestProfi