Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 411 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
1) Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 
"6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне жетекшiлiк етедi, мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiруге және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 17 мамырдағы
N 411 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1999 жылғы 21 маусымдағы
N 813 қаулысымен
бекiтiлген
Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамы
Коржова                    - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Елемесов                   - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Асқар Раушанұлы              вице-министрi, төрайымның орынбасары
Жұмағали                   - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Шалқар Болатұлы              министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi кредит беру басқармасының бастығы, хатшы
Гусинский                  - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Александр Владимирович       Сенаты Экономика, қаржы және бюджет комитетiнiң мүшесi
Кәкiшев                    - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Жандарбек Шәмiлұлы           Сенаты Өңiрлiк даму және жергiлiктi өзiн-өзi басқару мәселелерi комитетiнiң мүшесi
Сыздықов                   - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң 
Тито Уахапұлы                Мәжiлiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң мүшесi
Исақов                     - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
Нұржан Әзiмханұлы            Әкiмшiлiгi құқық қорғау және сот жүйелерi мәселелерi бөлiмiнiң бас инспекторы
Ақшолақов                  - Қазақстан Республикасының Энергетика 
Болат Оралұлы                және минералдық ресурстар вице-министрi
Баталов                    - Қазақстан Республикасының Индустрия 
Асқар Болатұлы               және сауда вице-министрi
Мусина                     - Қазақстан Республикасының Ауыл 
Лилия Сәкенқызы              шаруашылығы вице-министрi
Өскiмбаев                  - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер 
Кәрбозов                   - Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы      қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары
Тәжияқов                   - Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Бисенғали Шамғалиұлы         Банкi Төрағасының орынбасары
Бекбосынов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы 
Сабыржан Мәдиұлы             министрлiгi Дерменсiз борышкерлермен жұмыс комитетiнiң төрағасы
Кадюков                    - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Николай Викторович           министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары
Қанатов                    - Қазақстан Республикасы Қаржы 
Сәбит Сарқытұлы              министрлiгiнiң Салық комитетi төрағасының орынбасары
Исабеков                   - Қазақстан Республикасының Әдiлет 
Тимур Шамсатұлы              министрлiгi Халықаралық құқық, мемлекеттiң мүлiктiк құқықтарын қорғау,                                
                                       шарттар және кiнәрат-талап жұмыстары  департаментiнiң директоры
Сағындықов                 - Қазақстан Республикасының Экономика 
Самат Алпысұлы               және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
                                      Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментiнiң директоры
Шәрiпов                    - Қазақстан Республикасының Көлiк және   
Талғат Қайыркенұлы           коммуникация министрлiгi Қаржылық реттеу департаментiнiң директоры
Дәулиев                    - Қазақстан Республикасы Экономикалық 
Ермек Көкенұлы               қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы                                
                                         полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы
                                       iстердi ашу және олардың алдын алу департаментi бастығының орынбасары
Күзембаева                 - "Медетші қор" акционерлiк қоғамының 
Рахымов                    - "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк 
Сейiтқали Сайлаубайұлы       қоғамының вице-президентi
Шынғазиева                 - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" 
Макка Жарқынбайқызы          акционерлiк қоғамы кредит беру департаментiнiң директоры
Полная версия
ИС BestProfi